"Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 338 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 21 тамыздағы № 235 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 6 қыркүйекте № 4205 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 11 ақпандағы № 34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 11.02.2021 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3-тармақтарына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15138 болып тіркелген "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 338 "Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3435 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті" деген 5-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 316 "Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 338 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3926 нөмірмен тіркелген, 2016 жылы 29-желтоқсанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Қ.Бөкенбаев
      Б.С.Жамалов
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      А.С.Сәбитов
      К.Н.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
21 тамыздағы № 235 қаулысына
1-қосымша

"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1- бөлім. Жалпы ережелер

      1. "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Басқарма (қызмет ұсынушы) және облыстық маңызы бар аудан, қалалардың жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі- Бөлім (қызмет ұсынушы) ұсынылады.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметтi көрсету нәтижесі – оң шешім қабылданған жағдайда – қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне қызмет алушылардың немесе биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шоттарына субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 1-қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) нысан бойынша мақұлданған өтінімдер тізімін жасау.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға субсидияларды бермеудің себептерін көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған субсидияларды тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.

2 Бөлім. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 3, 4, 5 - қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді бастау үшін негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:

      1) Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 65 бұйрығымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағында көрсетілген мерзімде жүргізіледі (бұдан әрі - Қағида);

      2) Бөлім (қызмет ұсынушы) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:

      осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан өтінімді;

      осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді тексереді, сондай-ақ Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес өсімдіктерді қорғау құралдарын (бұдан әрі – ӨҚҚ) өндіруші ұсынатын ӨҚҚ нақты өткізу көлемдері жөніндегі тізілімде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің бар-жоғын анықтайды.

      3) Бөлім (қызмет ұсынушы) өтінімді немесе тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде:

      облыс басқармасына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қолы қойылған мақұлданған өтінімдердің тізімін және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдердің тізімін жолдайды;

      ӨҚҚ өндірушіге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдердің тізімін жолдайды;

      өтінімнің және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімнің мақұлданғаны туралы не субсидияларды ұсынбау себептерін көрсете отырып,өтінімді және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді қайтару туралы ауыл шаруашылығы тауар өндірушіні жазбаша хабардар етеді.

      Бұл ретте бөлім (қызмет ұсынушы), осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны ұсынудан бас тарту себептерін көрсете отырып, ӨҚҚ-ға субсидиялар ұсынуда теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін жасайды және оны ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін облыс басқармасына ұсынады.

      Субсидияларды ұсынуда теріс шешім қабылдау "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-1- бабы 2-тармағында белгіленген негіздер бойынша жүргізіледі.

      4) Облыс басқармасы (қызмет ұсынушы) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақұлданған өтінімдер тізімі және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақұлданған тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер тізімі келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе ӨҚҚ өндірушілердің шоттарына субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын ұсынады.

3-бөлім. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) Бөлім (қызмет ұсынушы);

      2) Басқарма (қызмет ұсынушы).

      7. Әрбір рәсiмнің (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс – қимылдар) реттілігі осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген.

4-бөлім. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорация:

      1) көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімді 15 (он бес) минут ішінде қабылдайды және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді;

      2) өтінімді қабылдап алғаннан кейін ағымдағы жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге (бөлім) ұсынады;

      3) бөлім (қызмет ұсынушы) көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қағиданың 7 және 8-тармағында көрсетілген шарттарына сәйкестігіне тексергеннен кейін, Стандарттың 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қағаз тасығышта көрсетілген қызметті берушінің (бөлім) уәкілетті адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарламаны мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің (бөлім) толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 1, 2-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын
өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың)
және биопрепараттардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы

Бөлім, қызмет ұсынушы

Көрсетілетін қызметті алушы

Бөлім, қызмет ұсынушы

Басқарма, қызмет ұсынушы

1

2

3

4

Өтінімдерді және тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдерді қабылдау тиісті жылдың 1 наурызында басталады және 10 желтоқсанында аяқталады.

Көрсетілетін қызмет алушылар бөлімге субсидия алуға өтінім ұсынады

Бөлім (қызмет ұсынушы) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан өтінімді;
осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді тексереді, сондай-ақ Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес өсімдіктерді қорғау құралдарын (бұдан әрі – ӨҚҚ) өндіруші ұсынатын ӨҚҚ нақты өткізу көлемдері жөніндегі тізілімде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің бар-жоғын анықтайды.

Облыс басқармасы (қызмет ұсынушы) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақұлданған өтінімдер тізімі және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақұлданған тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер тізімі келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе ӨҚҚ өндірушілердің шоттарына субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын ұсынады.



Бөлім (қызмет ұсынушы) өтінімді немесе тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде:
облыс басқармасына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қолы қойылған мақұлданған өтінімдердің тізімін және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдердің тізімін жолдайды;
ӨҚҚ өндірушіге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдердің тізімін жолдайды;
өтінімнің және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімнің мақұлданғаны туралы не субсидияларды ұсынбау себептерін көрсете отырып,өтінімді және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді қайтару туралы ауыл шаруашылығы тауар өндірушіні жазбаша хабардар етеді.
Бұл ретте бөлім (қызмет ұсынушы), осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны ұсынудан бас тарту себептерін көрсете отырып, ӨҚҚ-ға субсидиялар ұсынуда теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін жасайды және оны ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін облыс басқармасына ұсынады.
Субсидияларды ұсынуда теріс шешім қабылдау "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-1- бабы 2-тармағында белгіленген негіздер бойынша жүргізіледі.



  "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын
өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың)
және биопрепараттардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады