"Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 338 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 316 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 23 желтоқсанда № 3926 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 21 тамыздағы № 235 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 21.08.2017 № 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 338 "Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3435 болып тіркелген, 2015 жылы 27 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті" деген 5-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Е.А.Әлімқұлов
      Ж.Қ.Бөкенбаев
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      К.Н.Мендебаев
      Р.Ж.Мулкеманов

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы "20"
желтоқсандағы № 316
қаулысына 1-қосымша

"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Басқарма (қызмет ұсынушы) және облыстық маңызы бар аудан, қалалардың жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі- Бөлім (қызмет ұсынушы) ұсынылады.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) Басқарманың (қызмет ұсынушы) және Бөлімнің (қызмет ұсынушы) кеңселері;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметтi көрсету нәтижесі – оң шешім қабылданған жағдайда – қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне қызмет алушылардың немесе биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шоттарына субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 1-қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) нысан бойынша мақұлданған өтінімдер тізімін жасау.

      Теріс шешім қабылданған жағдайда – субсидиялар ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, қызмет алушыларға жазбаша хабардар ету.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 2, 3, 4 - қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді бастау үшін негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:

      1) Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларының" 10- тармағында көрсетілген мерзімде жүргізіледі;

      2) Бөлім (қызмет ұсынушы) қызмет алушылар өтінім немесе төлем туралы өтінім ұсынған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімді немесе төлем туралы өтінімді 8-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді.

      Субсидиялар алуға өтінімді немесе төлем туралы өтінімді қабылдаған кезде қызмет алушыға күнін және уақытын, өтінімді немесе төлем туралы өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, өтінімді немесе төлем туралы өтінімді қабылдау туралы талон беріледі;

      3) Бөлім (қызмет ұсынушы) өтінімді немесе төлем туралы өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін қызмет алушыға субсидиялар ұсынуда оң шешім қабылданған жағдайда бір жұмыс күні ішінде өтінімді немесе төлем туралы өтінімді облыс басқармасына жолдайды, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, қызмет алушыға жазбаша хабардар етеді;

      Бұл ретте бөлім (қызмет ұсынушы) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, субсидиялар ұсынуда теріс шешім қабылданған қызмет алушылардың тізбесін жасайды және оны ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін облыс басқармасына (қызмет ұсынушы) ұсынады;

      4) Басқарма (қызмет ұсынушы) өтінім немесе төлем туралы өтінім келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қызмет алушылардың немесе биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын ұсынады.

      Сонымен бір мезгілде басқарма (қызмет ұсынушы) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мақұлданған төлем туралы өтінімдер тізімін жасайды, оны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырады және биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіге жолдайды.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) Бөлім (қызмет ұсынушы);

      2) Басқарма (қызмет ұсынушы).

      7. Әрбір рәсiмнің (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс – қимылдар) реттілігі осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау:

      Мемлекеттік корпорация:

      1) көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімді 15 (он бес) минут ішінде қабылдайды және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді;

      2) өтінімді қабылдап алғаннан кейін ағымдағы жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге (басқарма) ұсынады;

      3) көрсетілетін қызметті беруші (басқарма) көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қағиданың 4-тармағында көрсетілген шарттарына сәйкестігіне тексергеннен кейін, Стандарттың 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қағаз тасығышта көрсетілген қызметті берушінің (басқарма) уәкілетті адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарламаны мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 1, 2-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі

  "Өсiмдiктердi қорғау
мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердiң, биоагенттердiң
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы

Бөлім, қызмет ұсынушы

Көрсетілетін қызметті алушы

Бөлім, қызмет ұсынушы

Басқарма, қызмет ұсынушы

1

2

3

4

Бөлім (қызмет ұсынушы) аудан әкімдігінің, интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерін немесе төлем туралы өтінімдерін қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды орналастырады. Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні ағымдағы жылғы 1 наурыздан кеш емес, өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні 10 желтоқсаннан ерте емес.

Көрсетілетін қызмет алушылар бөлімге субсидия алуға өтінім ұсынады

Бөлім (қызмет ұсынушы) қызмет алушылар өтінім немесе төлем туралы өтінім ұсынған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімді немесе төлем туралы өтінімді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларының" (бұдан әрі - Қағида) 8-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді. Субсидиялар алуға өтінімді немесе төлем туралы өтінімді қабылдаған кезде қызмет алушыға күнін және уақытын, өтінімді немесе төлем туралы өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, өтінімді немесе төлем туралы өтінімді қабылдау туралы талон беріледі.

Басқарма (қызмет ұсынушы) өтінім немесе төлем туралы өтінім келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қызмет алушылардың немесе биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын ұсынады. Сонымен бір мезгілде басқарма (қызмет ұсынушы) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мақұлданған төлем туралы өтінімдер тізімін жасайды, оны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырады және биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіге жолдайды.



Бөлім (қызмет ұсынушы) өтінімді немесе төлем туралы өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін қызмет алушыға субсидиялар ұсынуда оң шешім қабылданған жағдайда бір жұмыс күні ішінде өтінімді немесе төлем туралы өтінімді облыс басқармасына жолдайды, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, қызмет алушыға жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте бөлім (қызмет ұсынушы) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, субсидиялар ұсынуда теріс шешім қабылданған қызмет алушылардың тізбесін жасайды және оны ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін облыс басқармасына ұсынады.



  "Өсiмдiктердi қорғау
мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердiң, биоагенттердiң
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады