Арыс қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 15 қарашадағы № 397 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 30 қарашада № 4284 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 106 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды – Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 23.04.2019 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Арыс қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 367 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3946 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 қаңтарда "Арыс ақиқаты" газетінде және 2017 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Арыс қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М.Қадырбек

  Арыс қаласы әкімдігінің
"15" қарашадағы 2017 жылғы
№ 397 қаулысына 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Арыс қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

108

1

1

2

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

201

1

1

3

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 8 В.Комаров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

136

1

1

4

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 1 Ережепбай Молдабаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

265

1

1

5

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "И.Журба атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

104

1

1



804


5


  Арыс қаласы әкімдігінің
"15" қарашадағы 2017 жылғы
№ 397 қаулысына 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Арыс қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

201

1

1

2

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

134

1

1

3

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 1 Ережепбай Молдабаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

265

1

1



600


3


  Арыс қаласы әкімдігінің
"15" қарашадағы 2017 жылғы
№ 397 қаулысына 3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Арыс қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының "№ 17 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

143

1

1

2

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының "Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

59

1

1

3

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арыс бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

100

1

1



302


3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады