Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 10.04.2020 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Арыс қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 397 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4284 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 желтоқсанда "Арыс ақиқаты" газетінде және 2017 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | М.Қадырбек |
Арыс қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 106 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Арыс қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік саны | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Арыс аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 1076 | 1 | 1 |
2. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 Ережепбай Молдабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 224 | 1 | 1 |
3. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Ерубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 208 | 1 | 1 |
4. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Онтаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 121 | 1 | 1 |
5. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 228 | 1 | 1 |
6. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 128 | 1 | 1 |
7. | Арыс қаласының "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арыс қаласының футбол және спорттық ойындар мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 56 | 1 | 1 |
8. | Түркістан облысы Арыс қаласы "Торабтық аурухана" өндірістік кооперативі | 124 | 1 | 1 |
Барлығы | 2165 | 8 |
Арыс қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 106 қаулысына 1 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Арыс қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері ((%) жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 193 | 1 | 1 |
2. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 129 | 1 | 1 |
3. | Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Арыс жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 32 | 1 | 1 |
Барлығы | 354 | 3 |
Арыс қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 106 қаулысына 1 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Арыс қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері ((%) жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Арыс қаласы ұйымдарының тізімі |
1. | Түркістан облысының білім басқармасының мемлекеттік мекемесі "№ 17 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 118 | 1 | 1 |
2. | Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 190 | 1 | 1 |
Барлығы | 308 | 2 |