Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 15 қарашадағы № 398 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 30 қарашада № 4286 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 23.04.2019 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Арыс қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 369 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3948 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 10 қаңтарда "Арыс ақиқаты" газетінде және 2017 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Арыс қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М.Қадырбек

  Арыс қаласы әкімдігінің
"15" қараша 2017 жыл
№ 398 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

      Сс           

Кәсіпорын, ұйымның, мекеменің атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері(%)

1

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 1 Ережепбай Молдабаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

265

4

2

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

108

2

3

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

201

3

4

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Онтаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

93

2

5

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаражантақ жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

2

6

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Монтайтас жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

77

2

7

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

134

2

8

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

180

3



1112

20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады