Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 105 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 23 сәуірде № 4989 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 2 қазандағы № 302 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Түркiстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 02.10.2019 № 302 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының приложению сәйкес квота белгіленсін.

      2. Арыс қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 398 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4286 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 16 желтоқсанда "Арыс ақиқаты" газетінде және 2017 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Айтбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Қадырбек

  Арыс қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 23 сәуірдегі
№ 105 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорын, ұйымның, мекеменің атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері
(%)

1

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С. Ерубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

208

1

2

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б. Онтаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

121

1

3

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаражантақ жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

1

4

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аққала жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

80

1

5

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жиделі жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

107

1

6

Қызмет-Сервис-Арыс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

85

1

7

"Теміржол Су Арыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

184

1

8

Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Арыс жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

32

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады