Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмiнiң 22.01.2018 № 02 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сынаптамасын белгілеу туралы" қаулысына және Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 2 хаттамасы негізінде, Бәйдібек ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Бәйдібек ауданының Боралдай ауыл округі аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
2) осы шешімді Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Аудан әкімінің міндетін | |
уақытша атқарушы | Н.Айтбеков |