Бәйдібек ауданы әкімінің 2017 жылғы 09 қарашадағы № 17 "Бәйдібек ауданының Боралдай ауылдық округі аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмiнiң 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 02 шешімі. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 2 ақпанда № 4437 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйдібек ауданы әкімінің 2017 жылғы 09 қарашадағы № 17 "Бәйдібек ауданының Боралдай ауылдық округі аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" (Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 15 қарашада № 4271 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 29 қарашада "Шаян" газетінде және 2017 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;

      2) осы шешімді Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі Б.Танагузов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады