Қазығұрт ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 25 тамыздағы № 302 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 18 қыркүйекте № 4211 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 186 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 24.12.2018 № 186 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 142 "Қазығұрт ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3851 болып тіркелген, 2016 жылы 30 қырқүйекте "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Тұрсынқұловқа жүктелсiн.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Т. Телғараев

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 25 тамыздағы
№ 302 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Қазығұрт ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1.

Қазығұрт ауданының әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Қазығұрт коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік көп салалы кәсіпорыны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

49

2%

2.

"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

98

2%

3.

"Аманкелді" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

204

2%

4.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

485

2%


  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 25 тамыздағы
№ 302 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Қазығұрт ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1.

Қазығұрт ауданының әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Қазығұрт коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік көп салалы кәсіпорыны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

49

2%

2.

"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

98

2%

3.

"Аманкелді" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

204

2%

4.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

485

2%


  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 25 тамыздағы
№ 302 қаулысына 3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Қазығұрт ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1.

Қазығұрт ауданының әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Қазығұрт коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік көп салалы кәсіпорыны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

49

2%

2.

"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

98

2%

3.

"Аманкелді" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

204

2%

4.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

485

2%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады