Қазығұрт ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 186 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 11 қаңтарда № 4882 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 6 тамыздағы № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 06.08.2020 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 302 "Қазығұрт ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4211 тіркелген, 2017 жылғы 6 қазанда "Қазығұрт тынысы" газетінде және 2017 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулының Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсiн.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Т. Телғараев

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 186 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1.

Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Қазығұрт коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік көп салалы кәсіпорыны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

74

2%

2.

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

101

2%

3.

"Аманкелді" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

204

2%

4.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

450

2%

5.

"Қарабау" элиталық тұқым шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

62

2%

6.

Қазығұрт аудандық ветеринария бөлімінің "Ауыл" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

162

2%

7.

"Қарқын-2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

94

2%


  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 186 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1.

Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Қазығұрт коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік көп салалы кәсіпорыны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

74

2%

2.

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

101

2%

3.

"Аманкелді" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

204

2%

4.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

450

2%

5.

"Қарабау" элиталық тұқым шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

62

2%

6.

Қазығұрт аудандық ветеринария бөлімінің "Ауыл" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

162

2%

7.

"Қарқын-2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

64

2%


  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 186 қаулысына 3-қосымша

Ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1.

Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Қазығұрт коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік көп салалы кәсіпорыны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

74

2%

2.

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

101

2%

3.

"Аманкелді" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

204

2%

4.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

450

2%

5.

"Қарабау" элиталық тұқым шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

62

2%

6.

Қазығұрт аудандық ветеринария бөлімінің "Ауыл" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

162

2%

7.

"Қарқын-2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

94

2%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады