Қазығұрт ауылы округі, Қазығұрт елді мекенінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 83 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 4346 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі қорытындысы негізінде ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазығұрт ауылы округі, Қазығұрт елді мекеніндегі бір атау екі рет қайталанған төмендегі көшелердің атаулары өзгертілсін:

      1) Көктем көшесін - Жайық көшесі;

      2) Көктем көшесін - Сауран көшесі;

      3) Төле би көшесін - Алатау көшесі;

      4) Береке көшесін - Бурабай көшесі;

      5) Ынтымақ көшесін - Қаратау көшесі;

      6) Қажымұқан көшесін - Арыс көшесі;

      7) Жібек жолы көшесін - Сырдария көшесі.

      2. "Қазығұрт ауылы округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазығұрт ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазығұрт ауылы округі әкімі Қ.Садыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады