Мақтарал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 шілдедегi № 16-129-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 18 шілдеде № 4160 болып тiркелдi.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Мақтарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақтарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 25-131-VI "Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 3-13-V "Мақтаарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2446 тіркелген және 2014 жылғы 17 қаңтарда "Мақтаарал" газетінде жарияланған) және 2014 жылғы 24 ақпандағы № 28-151-V "Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 3-13-V "Мақтаарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2572 тіркелген және 2014 жылғы 11 сәуірде "Мақтаарал" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Мақтарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Мақтаарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;

      2) осы шешімді Мақтарал аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы: Ж.Серқұл
      Аудандық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы: Б.Жұманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады