Мақтарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 17-99-V "Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 21-167-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 19 қаңтарда № 4408 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 41-275-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтарал аудандық мәслихатының 23.11.2018 № 41-275-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Мақтарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақтарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 17-99-V "Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2343 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 9 тамыздағы "Мақтаарал" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің 1-тармағындағы "екі мың теңге" деген сөздер "екі айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Мақтарал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтарал аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы: Е.Жұмаділов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: М.Жайлымшиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады