2017 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 29 мамырдағы № 135 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 8 маусымда № 4118 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2017 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Отырар ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Отырар ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат республикалық орталығына жіберуін;

      2) осы қаулыны Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Әлішке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 25 ақпанынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі Е.Айтаханов

  Отырар ауданы әкімдігінің
"29 " мамырдағы 2017 жылғы
№ 135 қаулысына қосымша

2017 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Отырар ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Дақылдар түрi

Оңтайлы мерзiмдерi

Ескерту

басталуы

аяқталуы

1

Мақта

25.04.2017 жыл

30.05.2017 жыл

Жылдың қалыптасқан ауа райының климаттық жағдайын ескере отырып

2

Дәндік жүгерi

15.04.2017 жыл

30.05.2017 жыл

Жылдың қалыптасқан ауа райының климаттық жағдайын ескере отырып

3

Күнбағыс

05.05.2017 жыл

30.05.2017 жыл

Суармалы жер

4

Мақсары

10.03.2017 жыл

05.04.2017 жыл

Тәлімі жер

5

Жаздық бидай

25.02.2017 жыл

20.03.2017 жыл

Тәлімі және суармалы жер

6

Күздік бидай

10.10.2017 жыл

10.11.2017 жыл

Тәлімі және суармалы жер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады