Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 31 шілдедегі № 287 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 11 тамызда № 4187 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 30 қазандағы № 412 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 30.10.2017 № 412 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Сайрам ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi бекiтiлсiн.

      2. Сайрам ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 283 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылғы 2 тамызда № 3815 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 тамыздағы "Мәртөбе" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Сайрам ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;

      2) осы қаулыны Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиевке жүктелсін.

      Аудан әкiмi С. Сапарбаев

  Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 287 қаулысына қосымша

Аудан бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi

Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түрi

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушiлердiң саны

Мектепке дейiнгi ұйымдардағы (меншiк нысанына қарамай) жан басына шаққандағы бiр айға қаржыландыру мөлшерi (теңге)

Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарындағы ата-аналардың күнiне ақы төлеу мөлшерi (теңге)

Мемлекеттiк

Жеке 


Күнiне бiр баланың тамағына шығыны, 3 жасқа дейiн, теңге (көп емес)

Күнiне бiр баланың тамағына шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейiн, теңге (көп емес)

1

Балабақша, бөбекжай

760

6484

26555,1

326,9

410,9

2

Мектепке дейiнгi шағын орталық

551

0

9927,0

326,9

410,9

      Ескертпе: 1 күнiне бiр балаға жас ерекшелiгiне қарай шығын. Нақты жұмыс күнiне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады