Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 30 қазандағы № 412 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 13 қарашада № 4260 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 23 қазандағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 23.10.2020 № 461 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға;

      2) ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Сайрам ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 287 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4187 тіркелген, 2017 жылғы 25 тамызда "Мәртөбе" газетінде және 2017 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Мамаев

  Сайрам ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 30 қазандағы
№ 412 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет есебінен

10218

9488

730


  Сайрам ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 30 қазандағы
№ 412 қаулысына 2-қосымша

Ата-ана төлемақысының мөлшері

Барлығы:

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)

326,9

410,9


      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады