Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 4 шілдедегі № 121 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 19 шілдеде № 3797 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 102 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 10.04.2017 № 102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын және интернет-ресурстарында орналастырылуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Бекмұрзаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы М.Пернебеков

  Төлеби ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 4 шілде
№ 226 қаулысына
1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Аудан атауы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

Республикалық бюджет есебінен

Жергілікті бюджет есебінен

Төлеби ауданы

5244

4375

869

      

  Төлеби ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 4 шілде
№226 қаулысына
2-қосымша

Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс,теңге

Балабақша

Мектеп жанындағы шағын орталық

Республикалық бюджет есебінен

Жергілікті бюджет есебінен

Республикалық бюджет есебінен

Ауылдық жерлерде

Қалалық жерлерде

15020

7723

20212

19712

      

  Төлеби ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 4 шілде
№ 226 қаулысына
3-қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)

Күніне бір баланың шығыны,
3 жастан 7 жасқа дейін, теңге (көп емес)

325,50

404,26

      
      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады