"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8 тармағына сәйкес Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 9 наурыздағы № 78 "Шардара ауданының аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 6 сәуірде № 4016 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 сәуірдегі "Шартарап-Шарайна" газетінде және 2017 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
2) осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаровқа жүктелсін.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Қ.Жолдыбай |