РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 95 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3923 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2015 жылғы 22 мамырдағы № 57 (17146) "Дидар" және 2015 жылғы 21 мамырдағы № 58 (19657) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |