"Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі N 95 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 мамырда N 3923 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 194 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 31.07.2017 № 194 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (А. С. Шерубаев) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. А. Гариковқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы "20" сәуірдегі
№ 95 қаулысымен бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесi энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесi мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      5. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      7. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19.

      9. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.

      10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      13. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің миссиясы:

      облыстың энергетикалық кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, облыстың энергетика, коммуналдық шаруашылық және абаттандыру салаларында мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде облыс тұрғындарына ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру.

      14. Міндеттері:

      энергетика, коммуналдық, тұрғын үй шаруашылығы, газбен қамту, сумен қамту және су бұру салаларын мемлекеттік реттеу және басқару.

      15. Функциялары:

      1) сумен қамтамасыз ету және су бұру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау бойынша іс-шараларды іске асыру;

      3) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге ұсыну;

      4) тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      5) коммуналдық-тұрмыстық нысандағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақүй кешендері) құрастырылған қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтер, эскалаторлар, фуникулерлер) пайдаланатын ұйымдардың кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      6) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге ұсыну;

      7) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      8) кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөніндегі қызметін бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастыру;

      9) бюджет қаражаты есебінен кондоминиумдар құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерлерді күтіп-ұстау жөнінде шаралар қабылдау;

      10) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асыру;

      11) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      12) осы Заңның 32-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайда, кондоминиум объектісіне арналған техникалық паспорттарды дайындау бойынша шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеуді қамтамасыз ету;

      13) тұтынушылардың жылу пайдаланушы қондырғыларын пайдалану және техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асыру;

      14) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына дайындалу мен жүзеге асыруды және олардың күз-қыс кезеңінде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;

      15) жылу желілерінде (тораптық, кварталішілік) технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу;

      16) жылу желілерін (тораптық, кварталішілік) жоспарлы жөндеуді келісу;

      17) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (тораптық, кварталішілік) күз-қыс жағдайында жұмыс істеуіне дайындық паспорттарын беру;

      18) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілеріне қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларын салудың техникалық тиімділігі туралы қорытынды беру;

      18-1) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысымда немесе судың Цельсийдің 115 градусынан жоғары қызу температурасында жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифттердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;

      18-2) қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

      19) облыс әкімдігі атынан Қазақстан Республикасын газдандырудың бас сұлбасын іске асыруға қатысу;

      20) уәкілетті органға облыс аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамы туралы облыс әкімдігінің ұсынысын әзірлеу;

      21) уәкілетті органға облыс аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөнінде облыс әкімдігінің ұсынысын әзірлеу;

      22) газбен қамтамасыз ету жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      23) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге ұсыну;

      24) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлеу;

      25) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлеу және мәслихатқа бекітуге облыс әкімдігінің ұсынысын дайындау;

      26) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілеті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлеу және мәслихатқа бекітуге облыс әкімдігінің ұсынысын дайындау;

      27) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды тиісті облыс аумағының даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету;

      28) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.09.2015 № 248 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жеке тұлғалардан "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және құжаттарды сұрату және алу;

      2) ведомство қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар енгізу;

      3) өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтар.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      17. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесіне басшылықты "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      18. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысының өкiлеттiгi:

      1) "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесi атынан сенiмхатсыз іс-әрекет етедi;

      2) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүддесiн бiлдiредi;

      3) шарттар жасасады;

      4) сенiмхаттар бередi;

      5) банк шоттарын ашады;

      6) "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің лауазымды тұлғаларын және өзге де қызметкерлерiн, сондай-ақ, "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне қарасты ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      8) "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлеріне және "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысы тағайындайтын басқа да қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және оларды тәртіптік жазаға тартады;

      9) өз орынбасарларының және "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің басқа да қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiк аясын айқындайды;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады;

      11) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызметке теңдей қол жеткiзуін қамтамасыз етеді;

      12) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      21. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк есебiнен қалыптастырылады.

      22. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      23. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттiк мекемесi қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      1. "Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй пайдалану басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады