"Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 шілдедегі № 12/142-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 тамызда № 5178 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 92-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3105, 2013 жылғы 7 желтоқсандағы № 146 "Дидар", 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 145 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі бекітілсін.";

      Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы Ә. Мұхтарханов
      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы В. Головатюк

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің төрағасы
      ______________ И. Әбішев

      2017 жылғы "25" _07_

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы
      қоғамдық денсаулық сақтау
      департаментінің басшысы
      ______________ Ғ. Сүлейменов

      2017 жылғы "21" _07_

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 12/142-VІ шешімімен
бекітілді

Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алудың осы ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 92-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының аумағында халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алудың тәртібін анықтайды.

      2. Ереже халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға таралады.

      3. Осы Ережеде келесі терминдер мен анықтаулар пайдаланылады:

      1) ауыз сумен жабдықтау - суды тұтынушыларды ауыз сумен қамтамасыз ету жөнiндегi қызмет;

      2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау – суды шығындау орындарына бермей, жинауға арналған, жалпы пайдалану үшiн ашық немесе жеке пайдаланылатын құрылыстар;

      3) сумен жабдықтау - суды жинауды, сақтауды, дайындауды, берудi және сумен жабдықтау жүйесi арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар жиынтығы.

2. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға қойылатын талаптар

      4. Өз мұқтаждықтары үшін орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар тіркеуді ерікті негізде жүзеге асырады.

      5. Су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейді.

      6. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен тәулігіне елу текше метрден артық көлемде су алу кезінде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 66-бабына сәйкес арнайы су пайдалануға рұқсатты алу талап етіледі.

      7. Орталықтандырылмаған су көздерінің ауыз су сапасы өзінің құрамы мен қасиеті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10774 болып тіркелген) бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларында белгіленген көрсеткіштерге сәйкес болуы тиіс.

3. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жер үсті және жер асты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеуді ұйымдастыру

      8. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органы су пайдалануды міндетті түрде тіркеп, тұтастай алғанда осы су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы болғанда тікелей жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға құқылы.

      9. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеуді халықты орталықтандырылмаған ауызсумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау кезінде пайдаланылатын су объектісінің орналасу орны бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады