РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Васильевское" таукен металлургиялық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік учаскелерінің аумағында орналасқан Боко өзенінің оң жақ жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу және "Васильевское" таукен металлургиялық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік учаскелерінің аумағында орналасқан Боко өзенінің сол жақ жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу жобаларына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Васильевское" таукен металлургиялық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік учаскелерінің аумағында орналасқан Боко өзенінің оң жақ және сол жақ жағалауларының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Васильевский" таукен металлургиялық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік учаскелерінің аумағында орналасқан Боко өзенінің оң жақ және сол жақ жағалауларының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылық пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.М. Құсаинов) "Васильевское" таукен металлургиялық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік учаскелерінің аумағында орналасқан Боко өзенінің оң жақ жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу және "Васильевский" таукен металлургиялық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік учаскелерінің аумағында орналасқан Боко өзенінің сол жақ жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу жобаларын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Жарма ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | Д. Ахметов |
әкімі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы |
Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Су ресурстары комитетінің |
Су ресурстарын пайдалануды реттеу |
және қорғау жөніндегі Ертіс |
бассейндікинспекциясының |
басшысының міндетін атқарушы |
______________ М. Иманжанов |
2017 жылғы "15" 08
Қазақстан Республикасы |
Денсаулық сақтау министрлігі |
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің |
Шығыс Қазақстан облысы |
қоғамдық денсаулық сақтау |
департаментінің басшысының |
міндетін атқарушы |
______________ А. Манкутова |
2017 жылғы "15" 08
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" тамыздағы № 202 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының "Васильевское" таукен металлургиялық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік учаскелерінің аумағында орналасқан Боко өзенінің оң жақ және сол жақ жағалауларының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Соның ішінде су қорғау белдеуі | ||||
Ұзындығы, м | Ауданы, га | Ені,м |
Ұзындығы, |
Ауданы, | Ені,м | |
1 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
"Васильевское" таукен металлургиялық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік учаскелерінің аумағында орналасқан Боко өзенінің оң жақ жағалауы | 3023 | 150,62 | 500 | 3020 | 33,01 | 100 |
"Васильевское" таукен металлургиялық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік учаскелерінің аумағында орналасқан Боко өзенінің сол жақ жағалауы | 2700 | 102,25 | 500 | 2894 | 20,00 | 100 |
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген "Васильевское" таукен металлургиялық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік учаскелерінің аумағында орналасқан Боко өзенінің оң жақ жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу және "Васильевское" таукен металлургиялық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік учаскелерінің аумағында орналасқан Боко өзенінің сол жақ жағалауының су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу жобаларына картографиялық материалдарда көрсетілген.