Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қарашадағы № 4659 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қарашада № 5289 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 2090 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 16.05.2018 № 2090 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Өскемен қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 10 тамыздағы № 01-09/546 ұсынымының негізінде Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Самсоновка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай учаскеде орналасқан "Жарболды" шаруа қожалығының аумағында ірі-қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде Республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" ресми түрде жария етуді және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкісіне қосуды;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына Өскемен қаласы аумағында таратылуын;

      4) осы қаулыны ресми түрде жария еткеннен кейін Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына ресми орналастыруын;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Р.К. Манаповқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының
әкімі
Қ. Тұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады