РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 02 наурыздағы № 01-09/73 ұсынымының негізінде Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Самсоновка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай учаскеде орналасқан "Жарболды" шаруа қожалығының аумағында ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін ірі қара малдың бруцеллез ошақтарының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын бекіту туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 09 қарашадағы № 4659 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5289 тіркелген, 2017 жылғы 05 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 07 желтоқсанда "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі аппараты" мемлекекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық Әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
4) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы |
Е. Қоңырбаев |