"Әлеуметтік көмек көрсетудің,мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V Риддер қалалық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 10/7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 мамырда № 5002 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2021 жылғы 4 наурыздағы № 3/6-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 04.03.2021 № 3/6-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 2 - 3 тармағы, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2014 жығы 16 сәуірдегі № 26/9-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3341 тіркелген, 2015 жылғы 03 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 06 маусымдағы № 23 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2 - бөлімнің 10 - тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "10. Табыстарын есептеусіз ай сайынғы әлеуметтік көмек түберкүлездің белсенді түрімен ауыратын және амбулаториялық емделуде тұрған азаматтарға, жол жүрулеріне және қосымша азықтарына 0,2 мөлшерінде айлық есептік көрсеткіштің есебінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г.ГИЛЬДЕРМАН
      Қалалық мәслихат хатшысы И. ПАНЧЕНКО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады