Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Черемушка ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 маусымда № 5083 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің 21.06.2018 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2017 жылғы 4 мамырдағы № 78 ұсынысы негізінде, Долон ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдардан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Черемушка ауылында шектеу іс-шаралары орнатылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Долон ауылдық
      округінің әкімі Н.Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады