Шектеу іс - шараларын тоқтату және "Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Черемушка ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Долон ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы"

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 4 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 2 шілдеде № 5-7-130 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 - бабы 2 - тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 4 маусымдағы № 101 хаты негізінде, Долон ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс - шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Черемушка ауылында белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. "Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Черемушка ауылында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" Долон ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тізілімінде 5083 нөмірмен тіркелген, 2017 жылғы 13 мамырда "Бесқарағай тынысы" аудандық газетінде және 2017 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Долон ауылдық округінің әкімі Н. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады