"Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылында және "Қалижан" шаруа қожалығында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Қарабас ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 4980 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Қарабас ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. "Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылында және "Қалижан" шаруа қожалығында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Қарабас ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 1 (Бесқарағай тынысы газетінің 2016 жылғы 11 маусымдағы № 49 (1775) нөмірінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4555 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарабас ауылдық округінің әкімі О. Болысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады