Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 489 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. "Глубокое ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 қазандағы № 322 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 28 қазанда № 4717 болып тіркелген, аудандық "Огни Прииртышья" газетінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 47 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі | К. Байгонусов |
Глубокое аудандық әкімдігінің 2017 ж. "06" наурыз № 2017 ж. қаулысына қосымша |
2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге | Тәрбиеленушілер саны, адам | Бір айда тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны, теңге. | Ата -аналардың бір айға төлемінің мөлшері | ||||||
Балабақшалар, бөбекжай |
Мектеп - балабақша | Шағын орталықтар | |||||||
Республикалық бюджет | Республикалық бюджет | Республикалық бюджет | Балабақшалар, бөбекжай | Мектеп – балабақша кешендері | Шағын орталықтар | Балабақшалар, бөбекжай | Мектеп – балабақша кешендері | Шағын орталықтар | |
32334 | 15209 | 11370 | 280 | 305 | 278 | 32334 | 15209 | 11370 | 11500 |