Глубокое ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 489 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 қарашада № 5279 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 168 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 02.04.2018 № 168 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2-тармағына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Глубокое ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Глубокое ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 наурыздағы № 115 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 03 сәуірде № 4919 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 сәуірде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Глубокое ауданының әкімі К. Байгонусов

  Глубокое аудандық
әкімдігінің қаулысына қосымша
489 "30" қазан 2017 ж.

Глубокое ауданы бойынша 2017 жалға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Тәрбиеленушілер саны (адам) Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын төлемақысының мөлшері, теңге Айына ата – ана төлемақысының мөлшері, тенге

Балабақшалар, бөбекжай

Мектеп - балабақша
кешендері

Шағын -орталықтар

Балабақшалар,
бөбекжай

Мектеп - балабақша
кешендері

Шағын -орталықтар


280

305

278

32334

15209

11370

11500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады