Глубокое ауданы Киров ауылдық округінің Черногорка ауылында атауы жоқ көшелеріне атауларын беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Киров ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қарашада № 5276 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Черногорка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Киров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое ауданы, Киров ауылдық округінің Черногорка ауылында атауы жоқ көшелеріне атауларын беру:

      № 1 атауы жоқ көшеге – Центральная көшесі;

      № 2 атауы жоқ көшеге – Достық көшесі;

      № 3 атауы жоқ көшеге – Еңбек көшесі;

      № 4 атауы жоқ көшеге – Бірлік көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Киров ауылдық округінің әкімі Е. Жумагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады