Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 16.01.2019 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 - бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 3-тармағының сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылы 21 желтоқсандағы ұсынысы негізінде Шілікті ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Шілікті ауылдық округіндегі Тасбастау ауылында және Дойка, Гурт, Сарши учаскелерінен ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы (С.Қожекенов) осы шешімнен туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шілікті ауылдық округінің әкімі | Қ. Сағиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы | |
Министрлігі ветеринариялық бақылау | |
және қадағалау Комитетінің | |
Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | С. Қожекенов |
2017 жылғы 01 ақпан