Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 02.08.2018 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 306 ұсынысы негізінде Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауылдық округінде Қаратал ауылының ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс- шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауылдық округ әкімі | Қ.Каримов |