"Қаратал ауылдық округінде Үштерек елді мекенінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 1 шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада № 5284 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына және Зайсан ауданының бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 21 тамыздағы № 299 ұсынысы негізінде, Қаратал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қаратал ауылдық округінде Үштерек елді мекенінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5029 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қыркүйекте аудандық "Достық" газетінде жарияланған ) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Ауыл округі әкімі Қ. Каримов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады