Зайсан қала округінің "Исабай" шарау қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қарашада № 5297 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 13.03.2018 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 5 шілдедегі № 255 ұсынысы негізінде, Зайсан қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан қала округінің "Исабай" шаруа қожалығының ірі-қара мүйізді малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан қала әкімінің міндетін атқарушы А. Дутбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады