"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 25/2-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 11/5-VІ шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 4994 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 25.10.2018 № 29/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 76 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 25/2-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3693 нөмірімен тіркелген, "Уба-Информ" газетінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 9 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасында:

      1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.";

      5 - тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;";

      9) тармақша алып тасталсын.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Геберт
      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Боровикова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады