2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 97 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 мамырда № 5020 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 295 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 14.11.2017 № 295 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. "2016 жылға мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басылық қаржыландыру және ата-аналық төлемі өлшемін бекіту туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 218 қаулысының (нормативтік құқықтық актісінің мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4731 тіркелген, 2016 жылғы 01 желтоқсандағы "Мой город Шемонаиха" газетінің № 48 (166) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми басылып шығарылған күнен кейін он күнтізбелік күн өткенен кейін күшіне енеді.


      Шемонаиха ауданыны әкімі А. Тоқтаров

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
"14" сәуір 2017 ж.
97 қаулысына қосымша

"2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге

Тәрбиеленушілердің саны, адам

Айына бір тәрбиеленушіге шығындардың орташа бағасы, теңге

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

Республикалық бюджет

жергілікті бюджет

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

Шемонаиха қаласы және Усть-Таловка кентi

Ауылдық елді мекендер

Пруггерово ауылындағы шағын орталық

25 041

0

6 072

596

178

19 268

6 072

 10 500

 9 000

 9 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады