Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 295 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қарашада № 5302 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 98 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 04.04.2019 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. "2017 жылға Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 97 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5020 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 25 мамырда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданы әкімінің
      міндетін атқаруші Д. Горьковой

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
"14" қарашадағы 2017 ж.
295 қаулысына қосымша

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері

Тәрбиеленушілердің саны, адам

Айына бір тәрбиеленушіге шығындардың орташа бағасы, теңге

Айына ата-ана төлемақысының мөлшері, теңге

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

Шемонаиха қаласы және Усть-Таловка кентi

Ауылдық елді мекендер

Пруггерово ауылындағы шағын орталық

597

176

27289

6497

10 500

9 000

9 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады