Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 17 "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 113 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 мамырда № 4803 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №17 "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3793 тіркелген, 2015 жылғы 31 қаңтардағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Б.Нұрмағанбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Көлгінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады