Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2017 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2015 жылғы 20 қаңтардағы № 17 | |
Батыс Қазақстан облысы | |
әкімдігінің қаулысымен | |
бекітілген |
"Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі агроөнеркәсіп кешені және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қ. Аманжолов көшесі, 75.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Батыс Қазақстан облысы аумағында ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыру.
15. Міндеттері:
1) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
6) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
7) мақта саласын дамыту аясында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
8) өз құзыреті шегінде биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейді;
2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
3) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету, агроөнеркәсiптік кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
4) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастырады;
5) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізеді;
6) азық-түлік тауарларын сатып aлу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады;
7) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласындағы инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларын іске асырады;
8) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алу, күту және өз төлi есебінен кең ауқымда өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастырады;
9) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлеріне өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз етеді;
10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;
11) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтырады;
12) мыналар:
агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту;
бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;
мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлейді;
13) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделейді және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
14) агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға береді;
15) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;
16) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
17) ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталардың ұсыныстарын ескере отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiнiң әрбiр түрi және әрбір субъект бойынша субсидиялануға жататын өткізілетін асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде айқындайды;
18) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытындылайды және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
19) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
20) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялайды;
21) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландырады, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіреді және енгізеді;
22) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асырады;
23) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдайды;
24) астық қабылдау кәсіпорындарына келесі бақылауды жүзеге асырады:
бекітілген кестеге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексереді;
астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдейді;
25) тиісті облыстың дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілерінің мемлекеттік астық ресурстарына азық-түліктік астық жеткізу мөлшерін жалпы түсімге проценттік қатынаспен бекітеді;
26) дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылайды;
27) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнның және нан-тоқаш өнімдерінің шекті бағасын айқындайды және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
28) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
29) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізуге құжаттарды дайындайды;
30) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
31) облыс бойынша тұқымдар баланстарын жасайды;
32) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтандыру және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;
33) сұрыптық және тұқымдық бақылауды, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, топырағын бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
34) тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;
35) Қазақстан Республикасының "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңының 6-1 бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;
36) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін – элиталық тұқымдар бойынша айқындайды;
37) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
38) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
39) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
40) мыналар:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялайды;
41) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;
42) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің міндетті сақтандыру шартын жасасу бойынша міндеттерін орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
43) агенттің, қоғамның қызметіне, олардың өсімдік шаруашылығындағы Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
44) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы және қоғамның өзара сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтамауы туралы істерді қарайды;
45) әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде астық нарығын мониторингтеуді жүзеге асырады;
46) астық нарығына қатысушылардың тұқымның іс жүзінде болуы мен сапасын және оның есеп беру деректеріне сәйкестігін тексереді;
47) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу, сондай-ақ уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдайды;
48) астық қабылдау кәсіпорындарының: астықты сандық-сапалық есепке алуды жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олармен жұмыс істеу және өтеу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
49) астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау қызметін инспекциялайды (тексереді);
50) астық қабылдау кәсіпорнынан астықты кез келген көлік түрімен тиеп-жөнелтуге тыйым салады;
51) мемлекеттік астық инспекторының астық нарығына қатысушыларда астықтың іс жүзінде болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеру бойынша функцияларды іске асыруы;
52) мемлекеттік астық инспекторының астықтың сандық-сапалық, оның ішінде мемлекеттік ресурстар астығының жай-күйін бақылау бойынша функцияны іске асыруы;
53) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды қамтамасыз етеді;
54) мақта нарығына мониторинг жүргізеді;
55) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдайды;
56) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олармен жұмыс істеу, оларды жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
57) сарапшылық ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру қағидаларын сақтауына жыл сайынғы бақылауды жүзеге асырады;
58) биоотын өндірісіне мониторинг жүргізеді;
59) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
60) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады;
61) лицензиялық бақылауды жүзеге асырады;
62) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар сұрату және алу;
2) өзінің құзіреті мен өкілеттігі шегінде, мемлекеттік меншікке жататын мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
3) сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды сұрату және алу.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
4) "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамаларда белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6) "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
9) гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамаларда өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.