Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 223 "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 150 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 маусымда № 4820 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.04.2019 № 90 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11094 тіркелді) бұйрығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 223 "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4500 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 тамызда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Б.Нұрмағанбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Көлгінов

  2017 жылғы 2 маусымдағы
№ 150 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
1-қосымша
  2016 жылғы 22 шілдедегі № 223 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына
1-қосымша

Батыс Қазақстан облысы бойынша
басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

Басым дақылдардың атауы

1

Майлы дақылдар:

күнбағыс

майбұршақ

мақсары

зығыр

қыша

2

Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары

3

Біржылдық шөптер

4

Бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер

5

Күнбағыс және сүрлемдік жүгері


  2017 жылғы 2 маусымдағы
№ 150 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
2-қосымша
  2016 жылғы 22 шілдедегі № 223
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
2-қосымша

Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және 1 тоннаға)

Басым дақылдардың атауы

1 гектарға
субсидия нормасы, теңге

1 тоннаға
субсидия нормасы, теңге

1

Майлы дақылдар:



күнбағыс


10 000

майбұршақ


10 000

мақсары


6 100

зығыр


6 900

қыша


7 000

2

Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары

2 300 000


3

Біржылдық шөптер

8 000


4

Бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер

10 000


5

Күнбағыс және сүрлемдік жүгері

8 000



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады