Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпанда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.М.Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Көлгінов |
2017 жылғы 16 маусымдағы № 176 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
|
2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі
№ | Су айдындары және (немесе) учаскелері | Ауданы, (га, км) | Орналасқан жері |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ақжайық ауданы | |||
1. | Бітік су қоймасы | 3540 га | Жаңабұлақ ауылынан батысқа қарай 27 км |
2. | Дөңгелек су қоймасы | 3046 га | Қабыршақты ауылынан оңтүстікке қарай 12 км |
3. | Грачи 1 өзені | 50 км | Көшім өзені бойымен Бітік су қоймасының деңгейінен Дөңгелек су қоймасының деңгейіне дейін, Юлаево ауылы арқылы |
4. | Грачи 2 өзені | 58 км | Көшім өзені бойымен Бітік су қоймасының деңгейінен Дөңгелек су қоймасының деңгейіне дейін, Грачи 1 өзенінен батысқа қарай |
5. | Көшім өзенінің учаскесі | 120 км | Дөңгелек су торабынан Пятимар су қоймасына дейінгі учаске, Пятимар су торабынан төмен |
6. | Көшім өзенінің учаскесі | 106 км | Киров су қоймасының су торабынан төмен қарай ағыс бойымен Дөңгелек су қоймасына дейін, Бітік және Дөңгелек су қоймаларын қоспағанда |
7. | Бағырлай өзені | 160 км | Атамекен ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін |
8. | Красная өзбойы | 153 га | Томпақ ауылынан оңтүстікке қарай 9 км |
9. | Вальковая өзбойы | 11 га | Бударин ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3,5 км |
10. | Глубинное көлі | 2 га | Жаңабұлақ ауылынан солтүстікке қарай |
Бөкей ордасы ауданы | |||
11. | Мұратсай су қоймасы | 172 га | Мұратсай ауылынан 0,5 км |
Бөрлі ауданы | |||
12. | Березовка өзеніндегі су қоймасы | 72 га | Березовка ауылынан солтүстікке қарай 4 км |
13. | Пугачев көлі | 100 га | Пугачев ауылынан 18 км |
14. | Қараоба өзені | 67 км | Қараоба өзенінің Утва өзеніне құйылысынан ағысқа қарсы 67 км |
15. | Березовка өзені | 37 км | Березовка ауылынан Елек өзенінің сағасына дейін |
16. | Утва өзенінің учаскесі | 129 км | Ақсу ауылынан Бөрлі ауылына дейін |
17. | Су қоймасынан төмен Березовка өзенінің учаскесі | 5,5 км | Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының санитарлық қорғау аймағы шекарасынан Қарашығанақ ауылы маңындағы арнаның тармақталуы басталған жерге дейін |
Жаңақала ауданы | |||
18. | Айдын көлі | 520 га | Жаңақазан ауылынан солтүстік-батыста |
19. | Қоғалы көлі | 680 га | Бірлік ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км |
20. | Бірқазан көлі | 340 га | Жаңақала ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км |
21. | Еділсор көлі | 915 га | Үшкемпір ауылынан шығысқа қарай 6 км |
22. | Соркөл көлі | 620 га | Жаңақала ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км |
23. | Пятимар су қоймасы | 5000 га | Көшім өзені бойымен, Пятимар ауылдық округінің аумағында орналасқан |
24. | Жалтыркөл көлі | 320 га | Жаңаталап ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км |
Зеленов ауданы | |||
25. | Деркөл өзені | 176 км | Ичка тауларынан бастау алып Орал қаласы аумағында Шаған өзеніне құйғанға дейін |
26. | №2 Таловая жырасындағы су қоймасы | 720 га | Таловая ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1 км |
27. | Вишневая жырасындағы су қоймасы | 60 га | Круглоозерное ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9,5 км |
28. | Кіші Быковка өзеніндегі су қоймасы | 90 га | Чиров ауылынан солтүстік-батысқа қарай |
29. | Ембулатовка өзеніндегі су қоймасы | 105 га | Рожков ауылынан солтүстікке қарай 5,5 км |
30. | Рубежка өзеніндегі су қоймасы | 140 га | Раздольное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км |
31. | Вильная өзеніндегі су қоймасы | 180 га | Махамбет ауылдық округінің Горбунов ауылы маңында |
32. | Киров су қоймасы | 3000 га | Бударин ауылынан 17,5 км |
33. | Гремячий тоғаны | 100 га | Белес ауылы маңында |
34. | Степное су қоймасы | 400 га | Озерное ауылынан оңтүстікке қарай 7 км |
35. | Шаған өзенінің учаскесі | 76 км | Ресей Федерациясының шекарасынан Мичурин ауылына дейін |
36. | Пеньковский тоғаны | 12,6 га | Зеленое ауылы маңында |
37. | Думкин тоғаны | 36 га | Щучкин ауылы маңында |
38. | Котельников ауылындағы №2 тоғаны | 27,5 га |
Котельников ауылы маңында |
39. | Көшім каналының учаскесі | 21 км | Көшім ауылында орналасқан су торабынан Киров су қоймасына дейін |
40. | Котельников ауылындағы №1 тоғаны | 27 га | Красновский ауылдық округінің Котельников ауылынан оңтүстікке қарай |
41. | Мантық жырасындағы тоған | 15 га |
Чесноков ауылынан 0,8 км |
42. | Ембулатовка өзеніндегі Кура тоғаны | 52 га | Чесноков ауылынан солтүстікке қарай 2 км |
43. | Ембулатовка өзеніндегі Корейский су қоймасы | 15 га | Чесноков ауылынан солтүстікке қарай 5 км |
44. | Попов көлі | 7 га | Шолпан ауылының маңында |
45. | Брусяное көлі | 50 га | Озерное ауылынан оңтүстікке қарай |
46. | Песчаная өзбойы | 1,1 га | Спартак ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км |
47. | Большое көлі | 140 га | Дариян, Озерное ауылдарынан оңтүстікке қарай |
48. | Прорва көлі | 5,5 га | Желаев ауылынан оңтүстік - шығысқа қарай 2 км |
Казталов ауданы | |||
49. | Рыбный Сакрыл көлі | 2300 га | Жалпақтал ауылынан оңтүстік–батысқа қарай 10,2 км |
50. | Балықты көлі | 200 га | Талдықұдық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 27,5 км |
51. | Сарышығанақ су қоймасы | 1927 га | Жас ауылынан оңтүстікке қарай 6 км |
52. | Үлкен Өзен өзені | 218 км | Ресей Федерациясы шекарасынан Қамыс-Самар жайылмасына дейін |
53. | Кіші Өзен өзені | 296 км | Ресей Федерациясы шекарасынан Қамыс-Самар жайылмасына дейін |
Қаратөбе ауданы | |||
54. | Қалдығайты өзені | 219 км | Шыңғырлау ауданының Лебедев ауылынан солтүстікке қарай 10 км бастап Қаратөбе ауданының Төлен көлі құйылысына дейін |
55. | Жақсыбай өзені | 130 км | Аудан шекарасынан Сұлукөл көлі құйылысына дейін |
Сырым ауданы | |||
56. | Өлеңті өзенінің учаскесі | 173 км | Өлеңті ауылынан басталады |
57. | Шідерті өзенінің учаскесі | 50 км | Аралтөбе ауылынан жоғары Өлеңті өзеніне құйылысына дейін |
58. | Бұлдырты өзенінің учаскесі | 162 км | Егіндібұлан ауылынан Қосарал ауылының төменгі жайылмасына дейін |
Тасқала ауданы | |||
59. | 1-Шежін өзені | 50 км | Амангелді ауылы, Қалмақшабын ауылы және басқа елді-мекендер арқылы |
60. | 2-Шежін өзені | 55 км | Ермольчев ауылы, Чижа II, Талдыбұлақ ауылы және басқа елді-мекендер арқылы |
Теректі ауданы | |||
61. | Қараоба жырасындағы су қоймасы | 32 га | Шөптікөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км |
62. | Солянка өзеніндегі су қоймасы | 112 га | Төңкеріс ауылынан батысқа қарай 16 км |
63. | Солянка өзеніндегі су қоймасы | 50 га | Придорожный ауылынан солтүстікке қарай 3 км |
64. | Сұлусай жырасындағы су қоймасы | 35 га | Ақсуат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км |
65. | Жаманбөрлі жырасындағы су қоймасы | 94 га | Федоровка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км |
66. | Жаманбөрлі жырасындағы 2 - су қоймасы | 158га | Долинное ауылынан солтүстікке қарай 7 км |
67. | Барбастау өзеніндегі су қоймасы | 863га |
Ұзынкөл ауылы маңында |
68. | Барбастау өзеніндегі су қоймасы | 110 га |
Покатиловка ауылы маңында |
69. | Шалқар көлі | 22 000 га | Сарыөмір ауылы маңында |
70. | Есен-Аңқаты өзенінің учаскесі | 20 км | Өзеннің Шалқар көліне құйылысынан 10 км жоғары Тоғанас ауылына (Сырым ауданы) дейін |
71. | Шолақ-Аңқаты өзенінің учаскесі | 25 км | Өзеннің Шалқар көліне құйылысынан 10 км жоғары Алғабас ауылына (Сырым ауданы) дейін |
72. | Солянка өзенінің учаскесі | 20 км | Қамысты ауылынан Қарабас ауылына дейін |
73. | Ащысай көлі | 25 га | Ақжайық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км |
74. | Қарабас өзені | 20 км | Қарабас ауылы маңында |
75. | Ащысай өзенінің учаскесі | 25 км | Үлкен Еңбек және Бозай ауылдары аралығында |
76. | Барбастау өзені | 111 км | Федоровка ауылынан Социализм ауылындағы бөгетке дейін |
77. | Өлекті жырасындағы тоған | 18 га | Федоровка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1,8 км |
78. | Круглое көлі | 8 га | Социализм ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км |
Шыңғырлау ауданы | |||
79. | Жіңішкесай (Жаңакүш) өзеніндегі су қоймасы | 120 га | Жаңакүш ауылы маңында |
80. | Сұлукөл көлі | 390 га | Сұлукөл ауылының оңтүстік-батысында |
81. | Шаңды көлі | 315 га | Белогорка ауылынан 10 км жоғары |
82. | Жыланды көлі | 6 га | Құтантал ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км |
83. | Ащыөзек өзені | 216 км | Ащыөзек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6,5 км |
84. | Тұзкөл көлі | 700 га | Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км |
85. | Утва өзенінің учаскесі | 161 км | Лубенка ауылынан Торыатбас ауылына дейін |
Орал қаласы | |||
86. | Чапурин көлі | 10 га | "2-я дачная" саяжай алқабынан оңтүстікке қарай |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
га – гектар;
км – километр.