Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 91 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 217 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 қыркүйекте № 4892 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.01.2018 № 4 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 ақпанда № 14813 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 91 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4785 тіркелген, 2017 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенгалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К. Өтеғұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.Көлгінов

  2017 жылғы 25 тамыздағы
№ 217 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша
  2017 жылғы 10 сәуірдегі № 91
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшембірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия сомасы, мың теңге

Мал шаруашылығы

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

3 414

12 440

42 470

2.

Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу

бас

100 000

300

30 000

Барлық сомасы

72 470

Етті мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу

1.1

Тауарлы аналық бас

1)

базалық норматив

бас

10 000

134 862

1 348 620

2)

қосымша норматив:





80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

8 000

51 800

414 400

60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

6 000

4 930

29 580

1.2

Асыл тұқымды аналық бас

1)

базалық норматив

бас

10 000

18 423

184 230

2)

қосымша норматив:





80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

20 000

6 535

130 700

70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

15 000

900

13 500

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

бас

150 000

4 200

630 000

3.

Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

1)

нақты бордақыланғаны 1000 бастан бастап

бас

25 000

160

4 000

2)

нақты бордақыланғаны 100 бастан бастап

бас

20 000

375

7 500

3)

ауыл шаруашылығы кооперативтері

бас

20 000

50

1 000

Барлық сомасы

2 763 530

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

Асыл тұқымды аналық бас





1)

базалық норматив

бас

10 000

1 063

10 630

2)

қосымша норматив: 





80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

20 000

485

9 700

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

1)

отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы

бас

170 000

55

9 350

3.

Сүт өндірудің құнын арзандату:

1)

жемдік мал басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар

кг

25

751,68

18 792

2)

жемдік мал басы 50 бастан басталатын шаруашылықтар

кг

15

700

10 500

3)

ауыл шаруашылығы кооперативтері

кг

10

51,2

512

Барлық сомасы

59 484

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату:

1)

50 млн. данадан басталатын нақты өндіріс

дана

2,2

60 000

132 000

Барлық сомасы

132 000

Шошқа шаруашылығы

1.

Шошқа етін өндіру құнын арзандату:

1)

нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап

кг

100

112,7

11 270

Барлық сомасы

11 270

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

1)

асыл тұқымды қойлардың аналық басы

бас

2 500

7 600

19 000

2)

тауарлы қойлардың аналық басы

бас

1 500

45 520

68 280

2.

Асыл тұқымды қойлар сатып алу:

1)

тұсақтар

бас

8 000

200

1 600

2)

тұқымдық қошқарлар

бас

20 000

525

10 500

Барлық сомасы

99 380

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды айғырларды сатып алу

бас

100 000

50

5 000

2.

Асыл тұқымды аналық бас сатып алу

бас

40 000

30

1 200

Барлық сомасы

6 200

Барлығы

3 144 334


      Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
кг – килограмм.
млн – миллион.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады