Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Батыс Қазақстан облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылсын.
3. Республикалық және халықаралық жарыстарда тұрақты жоғары спорттық нәтижелері болмаған жағдайда, спорт федерациясының ұсынысы бойынша Жұмыс тобының шешімімен спортшыларға ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
4. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі және "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
4. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" (Ә. Аманбаева) мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К. Өтеғұловқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы | А. Өтеғұлов |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 211 қаулысымен бекітілген |
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Батыс Қазақстан облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
р/с № | Жарыстар атауы | Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (мың теңге) | ||
Жүлделі орындар | ||||
І | ІІ | ІІІ | ||
1 | Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | 500 | 450 | 400 |
2 | Әлем чемпионаттары | 350 | 300 | 250 |
3 | Бүкіләлемдік универсиада, Әлем чемпионаты (жастар, жеткіншектер) | 170 | 150 | 130 |
4 | Азия ойындары, Азия Паралимпиада ойындары | 300 | 250 | 200 |
5 | Азия чемпионаты (ересектер) | 250 | 200 | 150 |
6 | Азия чемпионаты (жастар, жеткіншектер) | 110 | 90 | 70 |
7 | Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, чемпионаты (ересектер), Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (ересектер) | 100 | 80 | 60 |
8 | Қазақстан Республикасының Жастар ойындары, чемпионаты (жастар, жеткіншектер) | 60 | 50 | 40 |
9 | Жасөспірімдер Олимпиада ойындары, Азия балалары, Азия чемпионаты (жасөспірімдер, кадеттер) | 50 | 40 | 30 |
10 | Қазақстан Республикасының чемпионаты (жасөспірімдер, кадеттер) | 30 | 25 | 20 |
Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Батыс Қазақстан облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
р/с № | Жарыстар атауы | Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (мың теңге) | Ескерту | ||
Жүлделі орындар | |||||
І | ІІ | ІІІ | |||
1 | Әлем чемпионаты | 150 | 130 | 100 |
Ай сайынғы ақшалай төлемдері халықаралық жарыстардың жазғы спорт түрлерінен |
2 | Бүкіләлемдік универсиада, Әлем чемпионаты (жастар) | 100 | 80 | 70 | |
3 | Азия ойындары, Азия Паралимпиада ойындары | 160 | 140 | 120 | |
4 | Азия чемпионаты (ересектер) | 120 | 100 | 80 | |
5 | Азия чемпионаты (жастар) | 100 | 80 | 60 | |
6 | Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, чемпионаты (ересектер), Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (ересектер) | 60 | 50 | - | |
7 | Қазақстан Республикасының Жастар ойындары, чемпионаты (жастар) | 40 | - | - | |
8 | Азия чемпионаты (жасөспірімдер) | 35 | 25 | 20 | |
9 | Қазақстан Республикасының чемпионаты (жасөспірімдер) | 25 | - | - |
Спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын Батыс Қазақстан облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
р/с № | Жарыстар атауы | Ай сайын төленетін ақшалай үлестің мөлшері (мың теңге) | Ескерту | ||
Жүлделі орындар | |||||
І | ІІ | ІІІ | |||
1 | Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | 350 | 300 | 250 | Ай сайынғы ақшалай төлемдері жарыстардың жазғы спорт түрлерінен 10 командаларынан астам және қысқы мен ұлттық спорт түрлерінен 4 командаларынан астам қатысқан жағдайда төленеді. |
2 | Әлем чемпионаты | 250 | 200 | 150 | |
3 | Бүкіләлемдік универсиада, Әлем чемпионаты (жастар) | 120 | 100 | 80 | |
4 | Азия ойындары, Азия Паралимпиада ойындары | 175 | 150 | 125 | |
5 | Азия чемпионаты (ересектер) | 125 | 100 | 75 | |
6 | Азия чемпионаты (жастар) | 70 | 60 | 50 | |
7 | Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, чемпионаты (ересектер), Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (ересектер) | 85 | 75 | 65 | |
8 | Қазақстан Республикасының Жастар ойындары, чемпионаты (жастар) | 45 | 40 | 35 | |
9 | Жасөспірімдер Олимпиада ойындары, Азия балалары, Азия чемпионаты (жасөспірімдер) | 40 | 35 | 30 | |
10 | Қазақстан Республикасының чемпионаты (жасөспірімдер) | 25 | 20 | 15 |
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Батыс Қазақстан облысы спортшыларының жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
р/с № | Жарыстар атауы | Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (мың теңге) | ||
Жүлделі орындар | ||||
І | ІІ | ІІІ | ||
1 | Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | 100 | 90 | 80 |
2 | Әлем чемпионаты | 70 | 60 | 50 |
3 | Бүкіләлемдік универсиада, Әлем чемпионаты (жастар, жеткіншектер) | 34 | 30 | 26 |
4 | Азия ойындары, Азия Паралимпиада ойындары | 60 | 50 | 40 |
5 | Азия чемпионаты (ересектер) | 50 | 40 | 30 |
6 | Азия чемпионаты (жастар, жеткіншектер) | 22 | 18 | 14 |
7 | Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, чемпионаты (ересектер), Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (ересектер) | 20 | 16 | 12 |
8 | Қазақстан Республикасының Жастар ойындары, чемпионаты (жастар, жеткіншектер) | 12 | 10 | 8 |
9 | Жасөспірімдер Олимпиада ойындары, Азия балалары, Азия чемпионаты (жасөспірімдер, кадеттер) | 10 | 8 | 6 |
10 | Қазақстан Республикасының чемпионаты (жасөспірімдер, кадеттер) | 6 | 5 | 4 |
Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Батыс Қазақстан облысы спортшыларының жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
р/с № | Жарыстар атауы | Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (мың теңге) | ||
Жүлделі орындар | ||||
І | ІІ | ІІІ | ||
1 | Әлем чемпионаты | 30 | 26 | 20 |
2 | Бүкіләлемдік универсиада, Әлем чемпионаты (жастар) | 20 | 16 | 14 |
3 | Азия ойындары, Азия Паралимпиада ойындары | 32 | 28 | 24 |
4 | Азия чемпионаты (ересектер) | 24 | 20 | 16 |
5 | Азия чемпионаты (жастар) | 20 | 16 | 12 |
6 | Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, чемпионаты (ересектер), Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (ересектер) | 12 | 10 | - |
7 | Қазақстан Республикасының Жастар ойындары, чемпионаты (жастар) | 8 | - | - |
8 | Азия чемпионаты (жасөспірімдер) | 7 | 5 | 4 |
9 | Қазақстан Республикасының чемпионаты (жасөспірімдер) | 5 | - | - |
Спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын Батыс Қазақстан облысы спортшыларының жаттықтырушыларына және клубтық команда жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
р/с № | Жарыстар атауы | Ай сайын төленетін ақшалай үлестің мөлшері (мың теңге) | ||
Жүлделі орындар | ||||
І | ІІ | ІІІ | ||
1 | Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | 70 | 60 | 50 |
2 | Әлем чемпионаты | 50 | 40 | 30 |
3 | Бүкіләлемдік универсиада, Әлем чемпионаты (жастар) | 24 | 20 | 16 |
4 | Азия ойындары, Азия Паралимпиада ойындары | 35 | 30 | 25 |
5 | Азия чемпионаты (ересектер) | 25 | 20 | 15 |
6 | Азия чемпионаты (жастар) | 14 | 12 | 10 |
7 | Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, чемпионаты (ересектер), Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (ересектер) | 17 | 15 | 13 |
8 | Қазақстан Республикасының Жастар ойындары, чемпионаты (жастар) | 9 | 8 | 7 |
9 | Жасөспірімдер Олимпиада ойындары, Азия балалары, Азия чемпионаты (жасөспірімдер) | 8 | 7 | 6 |
10 | Қазақстан Республикасының чемпионаты (жасөспірімдер) | 5 | 4 | 3 |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 211 қаулысына қосымша |
Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобының құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 29.01.2018 № 13 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Дене шынықтыру және спорт саласына жетекшілік ететін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі;
2. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары (жұмыс тобының жетекшісі болмаған жағдайда оның орнын алмастырады);
3. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, жұмыс тобының мүшесі;
4. Облыстық мәслихат депутаты Сүлеймен Серік Кенжебекұлы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
5. Облыстық мәслихат депутаты Рубцов Аркадий Анатольевич, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
6. "Әділет" - құқық қорғау орталығы" қоғамдық бірлестігінің басқару төрағасы Бисенғалиев Мұхит Мұханұлы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
7. "Мәңгі қазақ елі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Танабаева Жаннат Ізімбергенқызы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
8. Облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Есекенова Айгүл Оразқызы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
9. "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, жұмыс тобының мүшесі;
10. "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Олимпиада резервтерін даярлау орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, жұмыс тобының мүшесі;
11. "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, жұмыс тобының мүшесі.
12. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жоғары жетістіктер спорты бөлімінің басшысы, жұмыс тобының хатшысы.