Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 211 "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 13 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 ақпанда № 5065 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 211 "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4893 тіркелген, 2017 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен құрылған ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобының құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" (Ә. Р. Аманбаева) мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ. А. Оспанқұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Көлгінов

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2018 жылғы
29 қаңтардағы № 13 қаулысына
қосымша
  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
7 тамыздағы № 211 қаулысына
қосымша

Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобының құрамы

      1. Дене шынықтыру және спорт саласына жетекшілік ететін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі;

      2. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары (жұмыс тобының жетекшісі болмаған жағдайда оның орнын алмастырады);

      3. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, жұмыс тобының мүшесі;

      4. Облыстық мәслихат депутаты Сүлеймен Серік Кенжебекұлы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);

      5. Облыстық мәслихат депутаты Рубцов Аркадий Анатольевич, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);

      6. "Әділет" - құқық қорғау орталығы" қоғамдық бірлестігінің басқару төрағасы Бисенғалиев Мұхит Мұханұлы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);

      7. "Мәңгі қазақ елі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Танабаева Жаннат Ізімбергенқызы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);

      8. Облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Есекенова Айгүл Оразқызы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);

      9. "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, жұмыс тобының мүшесі;

      10. "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Олимпиада резервтерін даярлау орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, жұмыс тобының мүшесі;

      11. "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, жұмыс тобының мүшесі.

      12. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жоғары жетістіктер спорты бөлімінің басшысы, жұмыс тобының хатшысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады