Ақжайық аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 9-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 наурызда № 4726 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А. Б. Ашабаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
      Сессия төрағасы Қ. Қуаншалиев
      Мәслихат хатшысы С. Сиражев

  Ақжайық аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 10 наурыздағы
№ 9-8 шешіміне
қосымша

Ақжайық аудандық мәслихатының кейбір күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 33-2 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4232 тіркелген, 2016 жылғы 22 қантарда "Жайық таңы" газетінде жарияланған);
      2. Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылгы 18 наурыздағы № 36-1 "Ақжайық аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 33-2 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4329 тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде "Жайық таңы" газетінде жарияланған);
      3. Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 3-1 "Ақжайық аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 33-2 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4440 тіркелген, 2016 жылғы 8 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      4. Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 тамыздағы № 5-2 "Ақжайық аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 33-2 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4536 тіркелген, 2016 жылғы 1 қыркүйекте "Жайық таңы" газетінде жарияланған);
      5. Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 қазандағы № 6-1 "Ақжайық аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 33-2 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4570 тіркелген, 2016 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
      6. Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 7-1 "Ақжайық аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 33-2 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4619 тіркелген, 2016 жылғы 21 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады