Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 20-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 12-6 "Жәнібек аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4777 болып тіркелген, 2017 жылы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Жәнібек аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесінде:
6 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, "Жәнібек аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің лауазымдық нұсқаулығы бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін бас маман (бұдан әрі – бас маман) оның жұмыс органы болып табылады.".
2. Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Уәлиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия торағасы | С. Стамов |
Мәслихат хатшысы | Т.Кадимов |