Зеленов ауданы Көшім ауылдық округі Өркен ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Көшім ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 41 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 шілдеде № 4860 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Көшім ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Көшім ауылдық округі әкімінің 14.03.2018 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2017 жылғы 21 маусымдағы № 01-24-399 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеленов ауданы Көшім ауылдық округі Өркен ауылы аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Көшім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Д.Асангалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көшім ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
А.Альмурзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады