Казталов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 20-5 "Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 16-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда № 4976 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 47-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 30.04.2020 № 47-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Жарлығына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Казталов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-5 "Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3411 тіркелген, 2014 жылғы 24 қаңтардағы "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      9-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тұрғын үйін жөндеуге, табысын есепке алмай 250 АЕК мөлшерінде.".

      2. Казталов аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Н.Қажғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д.Ихсанов
      Мәслихат хатшысы Е.Газизов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары      Б.Қонысбаева
24 11 2017 жыл
Ескерту: аббревиатураның шешуі:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады