2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 53 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 мамырда № 4808 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 58 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 08.05.2019 № 58 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Ж.Сұлтан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Өмірзақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Шахаров

  2017 жылғы "26" сәуірдегі № 53
Қаратөбе ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша

2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата – ананың ақы төлеу мөлшері

Р/с №

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік және аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар ата–ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)

3 жасқа дейін (көп емес)

3 жастан 6 жасқа дейін (көп емес)


Балабақша (республикалық бюджет)

1

Қаратөбе ауылы

"Қаратөбе ауданының әкімдігінің Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Балдырған" бөбекжайы – балалар бақшасы" МКҚК

120

29 285

29 285

5 200

5 600


Балабақша (жергілікті бюджет)

2

Қаратөбе ауылы

"Жазира" бөбекжайы – балалар бақшасы" МКҚК

90

30 662

30 662

5 200

5 600

3

Шөптікөл ауылы

"Шұғыла" бөбекжайы – балалар бақшасы" МКҚК

30

55 147

55 147

5 200

5 600

4

Қоскөл ауылы

Қоскөл селолық округіндегі "Қарлығаш" балалар бақшасы МКҚК

25

79 787

79 787

5 200

5 600

5

Қарақамыс ауылы

Саралжын селолық округіндегі "Айгөлек" балалар бақшасы МКҚК

20

64 150

64 150

5 200

5 600

6

Егіндікөл ауылы

Егіндікөл селолық округіндегі "Балбұлақ" балалар бақшасы МКҚК

20

63 071

63 071

5 200

5 600

7

Сулыкөл ауылы

Сулыкөл селолық округіндегі "Балапан" балалар бақшасы МКҚК

25

45 240

45 240

5 200

5 600

8

Үшана ауылы

Сулыкөл селолық округіндегі "Раушан" балалар бақшасы МКҚК

25

54 837

54 837

5 200

5 600

      Аббревиатураның толық жазылуы:

      Р/с – реттік сан;

      МКҚК – мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады